Қазақстан жастар құрамасы алғашқы белдесуін Италияға қарсы өткізді. Екеуара команда арасындағы кездесу 4:1 есебімен қарсылас команданың еншісіне шешілді.
Айта кетерлігі, ел құрамасының сапынан тек 73 келіде татамиге шыққан Данияр Шамшаев қана қарсыласынан басым түсті. Қалған жас дзюдошылар жеңіліс тапты.
Сонымен, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатын бір қола жүлдемен аяқтады. Оны 60 келіде белдескен Шерзод Давлатов олжалаған болатын.