Дзюдо: Қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг Гран-при турнирінде чемпион атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Загребтегі Гран-при турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды olympic.kz.

 Ол төрт кездесудіңбарлығында жеңіске жетіп, ел қоржынына алтын жүлде салды. Финалдық кездесуденсоң Галбадрах турнирді қорытындылап, жанкүйерлерге алғыс айтты. «Қолдаукөрсеткен барлық қазақстандықтарға рахмет. Сәуір айында өткен Азиячемпионатынан кейін алғаш рет татамиге шығуым. Үш ай бойы жаттығу жасап,толығымен қалыпқа келдім. Тынымсыз дайындық арқасында жеңіске жеткенім сөзсіз.Финал өте қиын өтті. Милана Клименттің күресу техникасы маған жақсы таныс.Өйткені, осымен екінші рет кездесіп отырмыз. Бірінші белдесуде ұтылған едім,кеше есемді қайтардым», - дейді Галбадрах.

 Айта кетелік, Загребтегі Гран-при бәсекесіне әлемнің87 елінен 600 спортшы қатысуда.