Дзюдо: Қазақстандық Ташкенттегі Гран-придің жүлдегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Ташкентте Гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аса ауыр салмақта ( 100 кг) күрескен Ерасыл қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық Ихтиор Қалмұратовпен татамиге шықты.

Зал толы жанкүйерлердің өзбекстандық дзюдошыны қолдағанына қарамастан, Ерасыл оны иппон әдісімен таза жеңді.

Осылайша биыл қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің финалына шығып, күміс жүлдені қанжығасына бөктерген Е.Қажыбаев дзюдодан Гран-при турнирінде алғаш рет медальға қол жеткізді.

Бұл - осы жарыстағы Қазақстан құрамасының қоржынындағы екінші жүлде.

Еске сала кетейік, кеше Дидар Хамзаның Ташкент турнирінде алтыннан алқа таққанын жазған болатынбыз. 

Фото: https://fdk.kz/