Дзюдо: Моңғолиядағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – 25-27 шілде аралығында Ұлан-Батыр (Моңғолия) қаласында дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өтеді. Бұл туралы ҰОК хабарлады. 

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, аталмыш жарысқа қатысатын қазақстандық балуандардың тізімі төмендегідей:

60 келіге дейін: Талғат Орынбасар, Нұраділ Әлжан

66 келіге дейін: Ержен Еренғайыпов, Бауыржан Нарбаев

73 келіге дейін: Саят Сейітқалиев

81 келіге дейін: Мейіржан Жұмабек

90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков

Ал әйелдер арасындағы сайыста Толғанай Әбеуова (52 келіге дейін) бақ сынайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін күрестен Будапештте өтетін халықаралық турнирге қатысатын спортшылар белгілі болды.