Дзюдо: Олимпиадаға соңғы лицензия беретін Grand Slam додасында кімдер сынға түседі

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Дзюдодан Париж Олимпиадасына ұпай үлестіретін соңғы әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне қатысатын ерлер құрамасы анықталды.

Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін додаға Қазақстан құрамасынан жеті салмақтан 28 татами шебері бақ сынайды.

Олар:

60 кг: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Сүйеукенов;

66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали, Есет Қуанов, Нұрсұлтан Зайзағалиев;

73 кг: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдірахманов;

81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев, Жалғас Қайролла, Мәди Амангелді;

90 кг: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков, Құдырет Досымов, Мұхамедәли Мавлидов;

100 кг: Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев, Бекзат Шағатаев;

+100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев, Мәди Еділбаев, Ғалымжан Қырықбай.

Олимпиадаға рейтингтік ұпай берілетін соңғы турнир 10-12 мамыр аралығында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді.

Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.