60 келіде белдескен Рустам алғашқы кездесуде йемендік Әли Хусрофты, екінші кездесуде танымал жапондық балуан Шинджи Кидоны жеңді. Содан соң, чехиялық Давид Пулкрабектен айласын асырған. Өкініштісі, жартылай финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері, оңтүстік кореялық Джин Вон Кимнен ұтылды. Токиодағы турнирдің қола жүлдесі үшін күресте Ыбраев Еуропа чемпионатының жүлдегері, израильдік Артем Аршанскойды жеңді. Айта кету керек, ақтөбелік Рустам Ыбраев биыл Шымкентте өткен Қазақстан біріншілігінде тұңғыш рет ел чемпионы атанған. «Үлкен Дулыға». 60 келі. Қорытынды: 1. Джин Вон Ким (Оңтүстік Корея) 2. Тору Шишиме (Жапония) 3. Рустам Ыбраев (Қазақстан), Юма Ошима (Жапония).