Жартылай финалда Жансай армениялық Фердинанд Карапетянмен кездесті. Тартысты жекпе-жектің негізгі уақытында жеңімпаз анықталған жоқ. Ал қосымша уақытта Смағұлов «ваззари» ұпайын еншілеп, финалға жолдама алды.
Ақтық сында Жансай моңғолиялық Цогбатаар Ценд Очирмен алтын жүлдеге таласады.
Айта кетелік, Смағұлов жартылай финалда белдескен Карапетян өз тобында Олимпиада жүлдегері, әзербайжандық Рустам Оруджевті жеңген болатын.