АСТАНА. ҚазАқпарат - Дзюдо күресінен 2018 және 2019 жылғы әлем чемпионаты өткізілетін қалалар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халықаралық дзюдо федерациясы таратқан мәліметтерге сүйенсек, 2018 жылғы әлемдік дода Әзербайжан астанасы Бакуде ұйымдастырылмақ. Ал 2019 жылғы әлем біріншілігі Жапония астанасы Токио қаласында өтетіні белгілі болды.
Бакуде жыл сайынғы «Үлкен дулыға» турнирін және 2015 жылы Еуропалық ойындар өткен болатын. Ал дзюдоның отаны саналатын Жапонияда 2020 жылы Жазғы Олимпиада ойындары өтетіні анық. 2019 жылғы әлем біріншілігі Токио Олимпиадасы алдындағы тестілеу жарысы болмақ.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.