Дзюдодан 2028 жылғы әлем чемпионаты қайда өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Дзюдодан 2028 жылғы әлем чемпионаты Лозаннада (Швейцария) өтеді.

Фото: IJF

Әлем чемпионатын өткізу туралы ресми келісімге Лозаннадағы Grand Slam турнирі кезінде қол қойылды.

Лозанна әлем чемпионатын 55 жылдан кейін қайта қабылдамақ. Бұған дейін Швейцария қаласында әлем чемпионаты 1973 жылы өткен. Ол кезде жүлделер тек ерлер арасында сарапқа салынған.

2028 жылғы турнир Лос-Анджелес Олимпиадасының алдында өтеді. Әлем чемпионаты Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңдерінің бірі болмақ.

Айта кетейік, 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді. Дүбірлі дода Астанада ұйымдастырылып, 2028 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама беретін іріктеу жарыстарының бірі болады.

Еске салайық, мұның алдында самбошы Болат Сапар Көшпенділер ойындарында алтын жүлде жеңіп алғанын хабарлаған едік.