ДЗЮДОДАН ӘЧ: Елдос Жұмақанов жартылай финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 66 келі салмақта күрескен қазақстандық палуан Елдос Жұмақанов Астанада дзюдодан өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама ұтып алды, деп хабарлайды «Қазақстан» телеарнасы Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

«Финалдық бәсекелер «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында бүгін сағат 16:50-де тікелей эфирде көрсетіледі», делінген хабарламада.