Дзюдодан әлем чемпионаты: Камила Берліқаш бірінші белдесуінде жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық балуан Камила Берліқаш Әбу-Дабидегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады. 

Фото: Халықаралық дзюдо федерациясы

78 келі салмақта бозкілемге шыққан отандасымыз саудиялық Тахани Алкантаниден басым түсті. Осылайша ол екінші айналымға жолдама алды. 

Еске салсақ, бұған дейін Жангелдина мен Токарева жарысты аяқтағанын хабарлаған болатынбыз.