АСТАНА. KAZINFORM - Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрқанат Серікбаев (60 келі) пен Ғалия Тынбаева (48 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Дүбірлі додада қазақстандық екі балуан алғашқы белдесулерін сәтті бастаған еді.
Нұрқанат Серікбаев алдымен мальталық Джеймс Захранының осал тұсын тапса, енді ол ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Ли Харимге қосымша уақытта ұтылды.
Ал, Ғалия Тынбаева (48 келі) алғашқы белдесуінде жеңіске жеткенімен одан кейін екінші айналымда испаниялық Лаура Мартинестен ұтылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.