Дзюдодан әлем чемпионаты: Бүгін елімізден 2 балуан сынға түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық екі балуан сайысқа түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін татамиге ерлерден Дидар Хамза (90 келі), әйелдерден Анастасия Маякова (70 кг) шығады.

Белдесулер 6-13 қазан күндері сағат 11:30-да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, ел құрамасынан Елдос Сметов (60 келі), Әбиба Абужақынова (48 келі) қола медаль алған болатын.

Ал Мағжан Шәмшадин (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Гауһар Ермағамбетова (52 келі), Cевара Нышанбаева (57 келі), Мөлдір Нарынова мен Есмигүл Куюлова (63 келі) жарыс жолынан шығып қалды.


Ашық көздерден алынған фото