АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық үш балуан сайысқа түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін татамиге ерлерден Абылайхан Жұбаназар (81 келі), әйелдерден Мөлдір Нарынова мен Есмигүл Куюлова (63 келі) шығады.
Еске салсақ, ел құрамасынан Елдос Сметов (60 келі), Әбиба Абужақынова (48 келі) қола медаль алған болатын.
Ал Мағжан Шәмшадин (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Гауһар Ермағамбетова (52 келі), Cевара Нышанбаева (57 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Белдесулер 6-13 қазан күндері сағат 11:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Дүбірлі додаға еліміз атынан 17 спортшы қатысуда. Оның 9-ы ерлер, 8-і әйелдер арасында сынға түседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.