АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық үш балуан сайысқа түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін татамиге ерлерден Ислам Бозбаев пен Нұрлыхан Шархан (100 келіден жоғары), әйелдерден Аруна Жангелдина (78 келі) шығады.
Белдесулер елорда уақытымен сағат 12:00-ден бастап «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске салсақ, ел құрамасынан Елдос Сметов (60 келі), Әбиба Абужақынова (48 келі) қола медаль алған болатын.
Ал Мағжан Шәмшадин (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Дидар Хамза (90 келі), Гауһар Ермағамбетова (52 келі), Cевара Нышанбаева (57 келі), Мөлдір Нарынова мен Есмигүл Куюлова (63 келі), Анастасия Маякова (70 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Фото:olympic.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.