АСТАНА. ҚазАқпарат – 6-13 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткендей, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын екі дүркін Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадин қорғайды.
Сондай-ақ, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Дидар Хамза (90 кг), Ислам Бозбаев пен Шархан Нұрлыхан (100 кг), Ерасыл Қажыбаев ( 100 кг) дүниежүзілік додада бақ сынайды.
Әйелдер құрамасында Әбиба Абужақынова (48 кг), Гауһар Ирмағамбетова (52 кг), Севара Нишанбаева (57 кг), Мөлдір Нарынова мен Есмигүл Куюлова (63 кг), Анастасия Маякова (70 кг), Аруна Жангелдина (78 кг) және Кәмила Берліқаш ( 78 кг) татамиге шығады.
Айта кетсек, б иыл құрама көшбасшысы Елдос Сметов 66 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған болатын. Енді әлем чемпионатында өзінің төл салмағында бәсекеге түседі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).