Дзюдодан әлемдік Гран-при: қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырының үш бірдей орнын алып қойды

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-приде 60 келі салмақта жеңіс тұғырының үш бірдей орнын Қазақстан спортшылары алып қойды

Атап айтқанда, Елдос Сметов алтыннан алқа тақса, финалдық белдесуде одан ұтылған Айбек Имашевті күміс медальді еншіледі. Ал Рустам Ибраев пен Асхат Телманов үшінші орынды өзара бөлісіп, қола жүлдеге ие болды. «Мен өзім әлем біріншілігінде (Рио-де-Жанейро қаласында өткен дзюдодан Әлем чемпионаты - авт.) осындай жетістікке жетпегенім үшін халқымнан кешірім сұраймын. Келесі жылы Челябі қаласында болатын Әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан тағы көрініп, Қазақстанның көк байрағын желбіретемін деп сенемін», - деді алтын алқа иегері Елдос Сметов «KAZsport» телеарнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Алматы қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-при жарыстарын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетті.