АСТАНА. ҚазАқпарат – 18-20 тамыз күндері Загребте (Хорватия) өтетін Гран-при жарысында еліміз намысын қорғайтын дзюдошылардың тізімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, әлемдік бәсекеге 83 елден 500-ден аса спортшы қатысады деп жоспарланған.
Гран-приге аттанатын қазақстандық спортшылар:
Әйелдер
48 келіде
Әбиба Әбужақынова
Ерлер
60 келіде:
Дамир Болатбеков
Мерей Марханбетов
66 келіде:
Есет Қуанов
Айболат Ыстыбай
73 келіде:
Бақытжан Абдурахманов
Дархан Қойбағар
81 келіде:
Айбар Мұқышев
-100 келіде:
Бекзат Шағатаев
Ислам Бозбаев
100 келіде:
Жамбыл Тұрғыналиев
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.