АСТАНА. KAZINFORM – Ташкент қаласында дзюдодан әскери қызметшілер арасында мәресіне жеткен әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста қола жүлдегер атанды.
Бұл – Қазақстан ерлер құрамасының әскерилер арасында әлем чемпионатындағы командалық сындағы тұңғыш медалі. Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жұбаныш финалында Қазақстан құрамасы Италия командасын 3:1 есебімен жеңді.
Қазақстан құрамасы жеребе бойынша В тобына түсті. Алғашқы айналымда Франция құрамасын 4:1 есебімен тізе бүктірді. Екінші айналымда Оңтүстік Корея құрамасына 2:3 есебімен жол берді. Қарсылас команданың финалға жолдама алуына байланысты Қазақстан екі жұбаныш белдесуін өткізді. Жұбаныш кездесуінде Испания мен Алжир құрамасын 3:0 есебімен ұтқан Қазақстан құрамасы жарыстың қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нұрқанат Серікбаевтың әскерилер арасында әлем чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Қазақстан қоржынына тағы қос медаль түсті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).