НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дзюдодан Азия біріншілігінде үшінші жарыс күнінде қазақстандық балуандар бір күміс, үш қола медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық Ислам Бозбаев 100 келі салмақта Біріккен Араб Әмірлігінен келген Джафар Костоевқа жол берді. Ол қарсыласына небәрі бір ұпаймен жеңілді.
Сондай-ақ бүгін ел құрамасынан Нұрлыхан Шархан (100 келі), Дидар Хамза (90 келі) және Аруна Жангелдина (78 келі) қола жүлдегер атанды.
Еске салайық, бұған дейін Данияр Шамшаев (73 келі) алтын, Абиба Абужақынова (48 келі) күміс, Мағжан Шәмшадин мен Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) қола медаль алған еді.
Азия біріншілігі бүгін мәресіне жетті.
Құрлықтық додада Азияның 19 елінен келген 200-ден астам балуан 14 салмақта бақ сынады. Олардың қатарында еліміздің атынан 18 балуан қатысты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.