Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық дзюдо федерациясы Қытайдың Ордос қаласында өтетін дзюдодан Азия чемпионатына қатысушылардың алдын ала тізімін ұсынды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Фото: ҚР ҰОК

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан құрамасының өтініміне 18 спортшы енген.

Ерлер:

60 кг дейін: Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан

66 кг дейін: Нұрқанат Серікбаев

73 кг дейін: Есет Қуанов

81 кг дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат

90 кг дейін: Айдар Арапов

100 кг дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байкамуров

Әйелдер:

48 кг дейін: Диана Бүркеева

57 кг дейін: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева

63 кг дейін: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева

70 кг дейін: Ажар Асхат

78 кг дейін: Аруна Жангельдина

78 кг: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова

Айта кетейік, құрамда өзгеріс болуы мүмкін. Азия чемпионаты 16–18 сәуір аралығында өтеді.

Қазақстан футбол құрамасы бүгін екінші ойынын өткізетінін жазған едік.