Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы қос алтын алуды жоспарлап отыр
Қазақстан дзюдофедерациясы жылдың ең маңызды додаларының біріне ел құрамасының тыңғылықтыдайындықпен бара жатқанын мәлім етті.
Қазақстанжасөспірімдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Ғайнолла Есенғалиевтіңайтуынша, Азия чемпионаты – алдағы әлем біріншілігіне іріктеу жарыстарыныңбірі.
«Азиябіріншілігінде Жапония, Оңтүстік Корея, Моңғолия елдерінің спортшылары бастықарсыластарымыз болмақ. Біздің дзюдошыларымыз да осал емес. Сондықтан Тайпейдеекі алтын медаль алуды көздеп отырмыз», деді Ғ.Есенғалиев.
Құрлықтықдодаға 19 елден 200-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстан намысын 19 татамишебері қорғайды.
Қыздар:
ӘлимаЖұмағалиева (40 кг)
ДианаБуркеева (44 кг)
АружанЕрежепова (48 кг)
БалнұрӘбдешова (48 кг)
АяулымҚуанышова (52 кг)
ШапағатДәулет (57 кг)
АленаЧуссовитина (63 кг)
ДаянаТалғат (70 кг)
МәдинаПарагульгова (+70 кг)
КаринаТакиева (+70 кг)
Бозбалалар:
НұрқанатСерікбаев (50 кг)
АсланЛес (55 кг)
МарленӘділ (60 кг)
ТілегенТынарбай (66 кг)
СерікболЕстай (73 кг)
МұхаммедалиМавлидов (81 кг)
АйдарАрапов (81 кг)
НұрасылБолат (90 кг)
ЖұрқамырзаШүкірбеков (+90 кг)
Ескесала кетейік, бұдан бұрын Галбадрах бастаған дзюдошылардың Загребтегі Гран-притурниріне қатысатынын жазған болатынбыз.