Дзюдодан Азия кубогында Қазақстан құрамасы 4 медаль алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Ханчжоу қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогы мәресіне жетті.
Қазақстандық дзюдошылар құрлықтық бәсекеден 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде алды. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте 3-ші орынмен аяқтады.
Ел құрамасынан Ермек Амангелді (73 келі) чемпион атанса, Табылды Бигембаев (66 келі) пен Әлішер Слямжанов (90 келі) күміс, Ұлықбек Әбілқайыр (66 келі) қола алды.
Айта кетерлігі, жарысқа Азия елінен 13 құрама қатысты.
Еске салсақ, бүгінгі күндері Индонезия астанасы Джакарта қаласында 10-14 қыркүйек аралығында дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Құрлықтық додаға еліміздің атынан ұлдарда Есенгелді Дармен (60 келі), Жеңісұлы Қайрат (60 келі), Болат Әли (66 келі), Ержанов Ерасыл (66 келі), Кенескан Ернар (73 келі), Салхан Сапарғали (81 келі), Раков Егор (90 келі), Нұртаза Ерасыл (100 келі), Сұлтан Бейбарыс (100 келіден жоғары) сынға түседі.
Ал қыздарда Құралбай Іңкәр (48 келі), Шұғаева Сара (52 келі), Шыңғысхан Гүлхан (52 келі), Каракенова Карина (57 келі), Асылханова Дамеля (63 келі), Бітімбай Шынар (70 келі), Ахметова Салтанат (78 келі), Бақытбек Көркем (78 келіден жоғары). Ерғали Томирис (78 келі) сынды балуандарға сенім артамыз.