Дзюдодан Азия кубогында қазақстандық егіз қыздар жүлдеге ілікті

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогында екінші жарыс күнінің нәтижелері белгілі болды.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, төмендегі салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды.

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Қыздар

-57 кг

1. Енхжин Ганхуяг (Моңғолия),

2. ⁠ Гүлсанам Хазратова (Өзбекстан),

3. ⁠ Малфуна Ахмедова (Өзбекстан),

3. Кира Хегай (Қазақстан).

-63 кг

1. Маралма Хурелчулун (Моңғолия),

2. ⁠ Зухраджон Умарова (Өзбекстан),

3. ⁠ Нұрсезім Тұрлыбек (Қазақстан),

3. Әзима Серік (Қазақстан).

-70 кг

1. Гүлсезім Тұрлыбек (Қазақстан),

2. ⁠ Интизор Узакбаева (Өзбекстан),

3. ⁠ Севинч Расулова (Өзбекстан),

3. Ұлдана Қожаназарова (Қазақстан).

+70 кг

1. Зарина Бобоназарова (Өзбекстан),

2. ⁠ Тоғжан Төлебай (Қазақстан),

3. ⁠ Александра Репиах (IJF),

3. Ақмаржан Турдажиева (Қырғызстан).

70 келіге дейінгі салмақта чемпион атанған Гүлсезім мен 63 келіде қола жүлдеге қол жеткізген Нұрсезім Тұрлыбектер егіз қыздар екендігін айта кетелік. Олар биыл қаңтарда Оралда жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан біріншілігінде бір күнде топ жарып, алтын медаль алған еді.

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Ұлдар

-73 кг

1. Дәулет Турдияров (Өзбекстан),

2. ⁠ Садулла Равшанов (Өзбекстан),

3. ⁠ Мырзатай Қыдырбай (Қазақстан),

3. Бадоджон Шарапов (Тәжікстан).

-81 кг

1. Камронбек Кодиров (Өзбекстан),

2. ⁠ Александр Симонов (Қырғызстан),

3. ⁠ Иномджон Баходиров (Өзбекстан),

3. Мустафо Шермахматов (Өзбекстан).

-90 кг

1. Игорь Малахов (IJF),

2. ⁠ Батыржан Тоқтар (Қазақстан),

3. ⁠ Бексұлтан Айтматов (Қырғызстан),

3. Мусурмонкул Ахроров (Өзбекстан).

+ 90 кг

1. Айбек Дурдиев (Өзбекстан),

2. ⁠ Әділжан Жаудинов (Қазақстан),

3. ⁠ Ералы Базарқатов (Қазақстан),

3. Артем Бронников (Қазақстан).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан Азия кубогының алғашқы жарыс күні кімдер үздік шыққанын жазған едік.