Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жасөспірімдер мен жастар арасындағы байрақты бәсекеде Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ливан, Моңғолия, Халықаралық дзюдо федерациясының құрамасы және АҚШ елдерінен 800-ге жуық татами шебері өзара мықтыны анықтап жатыр.
Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбелік жоспарына сәйкес сегізінші рет ұйымдастырылып отырған дода 6 шілдеге дейін жалғасады.
Алғашқы жарыс күнінде мына спортшылар жүлдеге ілікті.
Қыздар
-40кг
1. Алина Колушева (Өзбекстан),
2. Мохинур Оллабергенова (Өзбекстан),
3. Оиша Пирова (IJF),
3.Дилафруз Болтабаева (Өзбекстан).
-44 кг
1. Інжу Сахабадин ( Қазақстан),
2. Динора Хасанова (Өзбекстан),
3. Анастасия Байкова (IJF),
4. Зере Талғатқызы (Қазақстан).
-48 кг
1. Гүлмира Холмурзаева (Өзбекстан),
2. Әсел Русланова (Қазақстан),
3. Какилик Деряева (Түркіменстан),
3. Наргиза Дусмамтова (Өзбекстан).
-52 кг
1. Фатима Сұпығалиева (Қазақстан),
2. Нигина Умирзакова (Өзбекстан),
3. Зухра Алимова (Өзбекстан),
3. Милена Боруболатова (Қырғызстан).
Ұлдар:
-50кг
1. Хуршид Султанов (Өзбекстан),
2. Мухаммадкадир Шодманов (Өзбекстан),
3. Әбіш Пердалы ( Қазақстан),
3. Фархат Зейнолла ( Қазақстан).
-55 кг
1. Арсен Елемес ( Қазақстан),
2. Бехрузжон Очилов (Өзбекстан),
3. Илияс Митанбоев (Өзбекстан),
3. Нұрлыжан Тұрарбек (Қазақстан).
-60кг
1. Дилшод Каримов (Өзбекстан),
2. Лойқ Кудбудинов (Тәджікстан),
3. Таңжарық Момынтай (Қазақстан),
3. Амирхон Озодов (Өзбекстан).
-66 кг
1. Ролан Қайырғали (Қазақстан),
2. Санжарбек Ашуров (Өзбекстан),
3. Заманбек Бақтығали (Қазақстан),
3. Султонбек Кулдошбаев (Өзбекстан).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық таеквондошының жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болғанын жазған едік.