Дзюдодан Азия кубогы: алғашқы күні қазақстандықтар үш алтынға қол жеткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтау қаласында дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясымәлім еткеніндей, жарыстың алғашқы күні ел құрамасы 3 алтын, 4 қола жүлдеменкомандалық есепте екінші орынға көтерілді.

Медальдаркестесінде Ресей құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 5 қола жүлдемен көш бастады.Гонконг дзюдошылары 1 алтын, 1 қоламен үздік үштікті түйіндеп тұр.

ҚазақстандықтарданАнна Казюлина (52 кг), Иоланта Бердібекова (63 кг) және Есет Қуанов (66 кг)чемпион атанды.

Сондай-ақГүлзада Алмаз (63 кг), Бауыржан Нарбаев (60 кг), Әбілқайыр Мәуленин (66 кг)және Қуан Барыс (73 кг) үшінші орынға көтерілді.

Қазақстандзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеевтің айтуынша, Токио Олимпиадасықарсаңында барлық спортшылар үшін рейтингілік ұпайлардың маңызы зор. Осытурнирдің жеңімпаздарына 100, күміс жүлдегерге 60, қола медаль иегеріне 40 ұпайберіледі.

Бұлжарысқа Қазақстаннан әйелдердің негізгі құрамы толық қатысуда. Ал ерлердіңкөшбасшылары жуырда Будапешт турнирінде бақ сынап, алдағы әлем чемпионатынақызу дайындалып жатқандықтан, басқа дзюдошыларға мүмкіндік берілді.

АшықАзия кубогы 19 шілде күні мәреге жетеді. Өткен жылға қарағанда, жарыстың ауқымыкеңейді. Биыл оған Азия ғана емес, Еуропа елдерінен де спортшылар келді.