НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Макаода дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия кубогында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, жарыстың алғашқы күні қазақстандықтар 24 медаль (7 алтын, 11 күміс, 6 қола) жеңіп алды.
Атап айтқанда, Нұрқанат Серікбаев (55 кг), Ықылас Әлсейіт (60 кг), Әділ Мәрлен (66 кг), Қазбек Рақишев (81 кг), Құндыз Жылқыбай (44 кг), Аружан Ережепова (52 кг), Мәдина Парагульгова (70 кг) алтыннан алқа тақты.
Сондай-ақ Ермахан Амандық (50 кг), Қайыржан Жүнісбек (60 кг), Тынарбай Тілеген (73 кг), Айдар Арапов (81 кг), Мухаммедали Мавлидов (90 кг), Жұрқамырза Шүкірбеков ( 90 кг), Аяжан Әзім (40 кг), Дәулет Шапағат (57 кг), Шынар Өзбекова (63 кг), Даяна Талғат (70 кг), Карина Такиева ( 70 кг) күміс жүлдеге ие болды.
Ал Нұрсұлтан Зайзағалиев (60 кг), Тайман Нұрғалиев (66 кг), Нұрасыл Болат (90 кг), Сәбит Қайратбек (90 кг), Балнұр Әбдешова (48 кг), Аяулым Қуанышева (52 кг) үшінші орынға көтерілді.
Екі күнге созылатын байрақты бәсекеге Қазақстаннан барлығы 35 спортшы барған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).