Дзюдодан ел біріншілігіне қатысатын БҚО құрамасы анықталды

None
ОРАЛ. 22 қазан. ҚазАқпарат - 15-19 қараша аралығында Өскемен қаласында дзюдодан ел чемпионатына баратын БҚО құрамасы анықталды.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, осы мақсатта ерлер мен әйелдер арасында БҚО біріншілігі өткізілді. Жекелей сында ерлерден 60 және 66 келі салмақта теректіліктер Қазбек пен Алтынбек Сұпығалиевтер топ жарса, 73 келіде тағы бір теректілік Бейбіт Нығметов, 81 келіде №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен Олжас Сүлейменов, 90 келіде сырымдық Асхат Нұрмұханов, 100 келіде №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен Дархан Төлегенов, 100 келіден жоғары салмақта сырымдық Дамир Қалақов, абсолюттік салмақта облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебінен Ерназар Хамзин үздік шықты. Әйелдер арасында облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебінен келген Шалттыгүл Дүйсенғалиева 48 кг, бөрлілік Гүлсезім Әубекерова 52 келіде бірінші орынды иеленді. Ерлер арасында командалық біріншілікте Теректі ауданы дзюдошылары жеңімпаз атанды.