Дзюдодан Grand Slam: Үш дзюдошымыз турнирді жеңіспен бастады
15:02, 02 Ақпан 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Парижде дзюдодан Grand Slam турнирі басталды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Франция астанасында өтіп жатқан спорттық додада 60 және 66 келіде жеңімпаздар анықталады.
Турнирді алғаш боп бастаған үш қазақстандық балуан келесі айналымға жолдама алды.
Елдос Сметов мысырлық спортшыдан басым түссе, 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев конголық балуаннан айласын асырды. Ал Есет Қуанов венесуэлалық қарсыласын жеңді.