Дзюдодан халықаралық турнирде Ғұсман Қырғызбаев қарсыласына есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан астанасы Баку қаласында Grand Slam сериясы бойынша өтіп жатқан турнирде Ғұсман Қырғызбаев қола жұлде үшін сайыста қарсыласына есе жіберіп қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнирде 66 келіде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев үщінші орын үшін сайыста қарсыласы испандық Давид Торнеге есе жіберіп қойды.

Айта кетсек, аталған жарыста еліміздің атынан 17 балуан құрамаға іліккен. Олардың қатарында ерлерден Бауыржан Нарбаев, Шерзод Давлатов (екеуі де 60 кг), Ғұсман Қырғызбаев, Алмас Ғалымов (екеуі де 66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Ермахан Әнуарбеков (90 кг), Ерқанат Молдагұлов (100 кг), Жамбыл Тұрғынәлиев (100 кг-нан жоғары) бар.

Ал, әйелдерде Ғалия Тынбаева (48 кг), Нұрайлым Сәрсенбек (48 кг), Дана Әбдірова (57 кг), Самалай Ерғалиева (63 кг), Есмигүл Куюлова (63 кг), Аруна Жангелдина (78 кг), Назерке Тілеуханова (78 кг), Кәмила Берліқаш (78 кг-нан жоғары) сынға түседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Самат Сәрсенұлы джиу джитсудан әлем чемпионы атанды.