Дзюдодан кадеттер арасында Гран-при кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM — Дзюдодан Ташкентте (Өзбекстан) өтетін кадеттер арасындағы Гран-при кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды.

Фото: ҚР ҰОК

Аталған халықаралық бәсекеде ел намысын он спортшы қорғайды.

Ұлдар:

55 келіге дейін: Ернат Кеңесбек 60 келіге дейін: Расулхан Ғабит, Аслан Ерғалиев

66 келіге дейін: Ерік Үсенов

90 келіден жоғары: Ердәулет Жұмабай

Қыздар:

40 келіге дейін: Адия Жанахмет 57 келіге дейін: Аружан Сәрсенова, Інжу Жұмажан

63 келіге дейін: Әсия Сариева

70 келіден жоғары: Тоғжан Төлебай

Айта кетейік, Гран-при кезеңі 24-25 қараша аралығында өтеді.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық жасөспірімдер дзюдодан әлем чемпионатының екінші күнін де жүлдесіз аяқтағанын хабарлаған едік.