Дзюдодан Қазақстан чемпионаты: алғашқы жарыс күнінің жеңімпаздары анықталды
Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасында 60, 66, әйелдер арасында 48 және 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды.
Ерлер арасында жамбылдық Нұрқанат Серікбаев (60 келі) пен Ақтөбе облысының дзюдошысы Есет Қуанов (66 келі) жеңіс тұғырына көтерілді. Ал әйелдер арасында Жетісу облысынан келгенДиана Буркеева (48 келі) мен Нұрсұлу Ералиева (52 келі) өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.
Алғашқы жарыс күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері төмендегідей:
Әйелдер
48 келі
1. Диана Буркеева (Жетісу облысы)
2. Жібек Жақсыбай (Атырау облысы)
3. Зарина Хуснадин (Алматы қаласы)
3. Алира Шегелекова (Абай облысы)
52 келі
1. Нұрсұлу Ерәлиева (Жетісу облысы)
2. Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы)
3. Аружан Адасқан (Жамбыл облысы)
3. Балнұр Әбдешова (Абай облысы)
Ерлер
60 келі
1. Нұрқанат Серікбаев (Жамбыл облысы)
2. Ержан Еренғайыпов (Астана)
3. Нұрдәулет Мейрамбеков (Қызылорда облысы)
3. Дәурен Сүйекенов (Алматы облысы)
66 келі
1. Есет Қуанов (Ақтөбе облысы)
2. Нұрсұлтан Зайзағалиев (БҚО)
3. Еламан Сұлтанбай (Алматы облысы)
3. Алмас Ғалымов (Абай облысы).
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан биылғы ел біріншілігіне еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық (ерлер 320, әйелдер 144) дзюдошы қатысып жатыр.
Ел чемпионатының қорытындысы бойынша 2024-2025 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталады.