Дзюдодан Қазақстан чемпионаты: жекелей жарыста Ақтөбе спортшылары көш бастады

Фото: Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе қаласында дзюдодан ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының жекелей жарысы мәресіне жетті.

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, ерлер және әйелдер 14 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

Жекелей жарыс нәтижесінде Ақтөбе облысының спортшылары медаль кестесінде көш бастады. Абай облысы екінші орынға жайғасса, Астана қаласының командасы үздік үштікті түйіндеді. 

Жарыстың үшінші күні мына дзюдошылар жүлдегер атанды. 

Әйелдер 

78 келі:

1.Аруна Жангелдина (Ақтөбе облысы),
2.Назерке Тілеуханова (Абай облысы),
3.Зәмзәгүл Файзолланова (Шымкент),
3.Анастасия Нагачевская (Алматы қаласы).

+78 келі:

1.Назгүл Маратова (СҚО),
2.Айымзада Думанқызы (Атырау облысы),
3.Аида Тойшыбекова (Қарағанды облысы),
3.Айдана Ғазизқызы (Қызылорда облысы).

Ерлер

90 келі:

1.Ермахан Әнуарбеков (Абай облысы),
2.Мейірлан Максим (Маңғыстау облысы),
3.Айдар Арапов (Түркістан облысы)
3.Құдірет Досымов (Шымкент қаласы)

100 келі:

1.Марат Байкамуров (Шымкент),
2.Бейбіт Мадеев (Алматы),
3.Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент),
3.Естай Ермұхан (Астана).

+100 келі:

1.Әділ Оразбаев (Абай облысы),
2.Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы),
3.Мәди Еділбаев (Алматы облысы),
3.Жамбыл Тұрғыналиев (Жамбыл облысы).

Қазақстан чемпионаты дүйсенбі күні командалық жарыспен аяқталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан Қазақстан чемпионатында Мағжан Шамшадинді жеңген Нұрәділ Әлжанның чемпион атанғанын жазған едік. 

Дзюдодан Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күнінде кімдер жеңімпаз атанды.