Спортшының неден көз жұмғаны белгісіз.
«Қазақстанның дзюдо федерациясы Аэлита Щербакованың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады», - делінген хабарламада.
Аэлита Щербакова 1995 жылғы 5 ақпанда Алматы облысында туған. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін Қазақстан чемпионы, әлемдік Гран-При кезеңінің қола жүлдегері (Ташкент, 2017), Азия кубогының күміс жүлдегері (Ақтау, 2018) болған.