Финалда отандастарымыз Моңғолия құрамасына жол берді.
Жалпы командалық есеп:
1-орын – Моңғолия
2-орын – Қазақстан
3-орын – Қырғызстан, Корея
Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанған Ұлттық құрама сапында:
Дана Әбдірова (-57 кг), Ажар Асхат (-70 кг), Аида Тойшыбекова ( 70 кг), Ануар Жұмагелдин (-73 кг), Айдар Арапов (-90 кг), Ғалымжан Қырықбай ( 90 кг) өнер көрсетті.
Бұған дейін жекелей сайыстар қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алып, үздік ондыққа енген еді. Команда сапында жүлде алған спортшылар:
🥇 Әділет Алмат (-81 кг) – төрт жылдан кейінгі алтын;
🥉 Эсмигүл Куюлова (-63 кг);
🥉 Аруна Жангелдина (-78 кг);
🥉 Абылайхан Жұбаназар (-81 кг);
🥉 Айдар Арапов (-90 кг)
Осылайша, дзюдодан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.
Осыған дейін Қазақстан құрамасының ақтық сайыста Моңғолиямен күш сынасатыны туралы жаздық.