Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мәлім етті.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жариялаған спортшылардың алдын ала тізіміне барлығы тоғыз спортшы енгізілген. Оған еліміздің ерлер және әйелдер құрамалары қатысады. Олардың қатарында Дамир Болатбеков (60 келі), Қанат Сейілхан (66 келі), Данияр Шамшаев, Айбек Жақашов (73 келі), Қанат Әбітұлы (81 келі), Дидар Хамза (90 келі), Ермұхан Естай (100 келі) бар.
Ал әйелдер құрамасында Сымбат Тағай (48 келі) және Толқын Тұрсынақынова (78 келі) ел намысын қорғайды.
Еуропа кубогы 28-29 наурыз күндері өткізіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Грузия астанасы Тбилиси қаласында өтетін дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.
Татами төрінде 53 елден келген 424 спортшы қатысады деп жоспарланған. Беделді бәсеке 20-22 наурыз күндері өткізіледі.
Оған Қазақстан ерлер құрамасы толық құраммен қатысады.