Дзюдодан Қазақстан құрамасы Еуропа кубогына қатысады

АСТАНА. Қазақпарат - Дзюдодан Қазақстан құрамасы 14-15 шілде күндері Германияның Саарбрюккен қаласында ересектер арасында өтетін Еуропа кубогына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Дзюдо федерациясының хабарлауына сүйенсек, екі күнге жоспарланған жарысқа 31 елден 549 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Аталған сында Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 12 татами шебері бақ сынайды.

Олар:
1.Ғұмар Қырғызбаев (66 кг)
2.Елдос Жұмақанов (73 кг)
3.Жансай Смағұлов (73 кг)
4.Дидар Хамза (81 кг)
5.Бекәділ Шаймерденов (81 кг)
6.Азиз Қалқаманұлы (90 кг)
7.Ислам Бозбаев (-100 кг)
8.Айбек Серікбаев (-100 кг)
9.Әділхан Қозыбаев (-100 кг)
10.Виктор Демьяненко ( 100 кг)
11.Санжар Жабборов ( 100 кг)
12.Ерасыл Қажыбаев ( 100 кг)