АСТАНА. KAZINFORM — Дзюдодан Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 17 медаль алды.
Алғашқы жарыс күнінде ел құрамасы қоржынына 5 алтын, 3 күміс, 9 қола медаль түсті.
Ел құрамасынан Арман Мұса (50 келі), Арсен Елемес (55 келі), Бақдәулет Қабдешов (60 келі), Мұхаммедали Жылқайдар (66 келі), Фатима Супугалиева (52 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.
Ал Аслан Ерғалиев (55 келі), Ернұр Батырғали (60 келі), Жанайым Мұратбек (52 келі) күміс жүлдегер болса, Мерей Дәулетхан (50 келі), Фархат Зейнолла (50 келі), Сейітжан Маметов (55 келі), Әкежан Әбдіманап (55 келі), Заманбек Бақтығали (66 келі), Ролан Қайырғали (66 келі), Ульяна Пряхина (40 келі), Айнара Сейтжанова (44 келі), Әсел Русланова (48 келі) үздік үштікті түйіндеді.
Еске салсақ, қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова әлемдік Гран-при жарысының чемпионы атанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.