Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа кубогында көш бастады

БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасы 29-30 шілде күндері Германия астанасы Берлинде жастар арасындағы Еуропа кубогына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және Cпорт министрлігіне сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/kaz_judoteam

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ақпаратына сәйкес, екі күнге созылған байрақты бәсекеде ел құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде 1-орынға тұрақтады:

Алтын медаль

Аман Бақытжан (60 кг)

Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг)

Максим Мейірлан (81 кг)

Күміс медаль

Нұрайлым Сәрсенбек (48 кг)

Аружан Ережепова (52 кг)

Жалғас Хайрулла (81 кг)

Құдірет Досымов (90 кг)

Карина Такиева ( 78 кг)

Қола медаль

Жанарыс Рахметқали (66 кг)

Нұржан Бисенов (81 кг)

Айта кетсек, Еуропа кубогыне 29 елден 300-ге жуық жас татами шеберлері қатысты.