АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Тунисте басталатын дзюдодан әлемдік Гран Придің алғашқы кезеңін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 қаңтарға дейін жалғасатын әлемдік Гран-Приде әлемнің 48 елінен 407 дзюдошы бақ сынайды. Бұған дейін хабарлағанымыздай аталған додада Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 13 татами шебері ел намысын қорғайды.
Жарыстың алғашқы күнін, яғни бүгінгі белдесулерді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде сағат 20:55-те көрсетеді. Екінші жарыс күнін 20 қаңтарда 23:40-та, бәсекенің үшінші күнін 21 қаңтар, 23:10-да тікелей эфирде таратады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.