Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне еліміздің атынан кімдер қатысады
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада 9-11 мамыр күндері өтетін дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 әлемдік жарысына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды.
Елімізде биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған байрақты додаға әлемнің 50 елінен 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Олардың арасында Олимпиада чемпиондары Рафаэла Силва (Бразилия, 63 келі), Беатрис Соуза (Бразилия, 78 келіден жоғары), Барбара Матич (Хорватия, 70 келі) және Олимпиадада екі дүркін жеңімпаз атанған Таканори Нагасэ (Жапония, 81 келі) бар.
Жарыс бағдарламасы бойынша 9 мамыр әйелдерде 48,52, 57 келі, ерлерде 60, 66 келі салмақта жүлделер сарапқа салынады.
Ал 10 мамырда әйелдерде 63, 70 келі, ерлерде 73, 81 келі, 11 мамырда әйелдер: де 78, 78 келіден жоғары, ерлерде 90, 100, 100 келіден жоғары салмақта балуандар татамиге шығады.
Елорда татамиінде бақ сынайтын қазақстандық дзюдошылардың тізімін ұсынамыз:
Ерлер
60 келі: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан, Дәурен Суюкенов, Талғат Орынбасар
66 келі: Ғұсман Кырғызбаев, Ердәулет Бозша, Бауыржан Нарбаев, Мирас Жонысов
73 келі: Саят Сейітқалиев, Қуан Барыс, Бақытжан Абдурахманов, Есет Қуанов
81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Азат Күмісбай
90 келі: Аян Байғазы, Құдырет Досымов, Айдар Арапов
100 келі: Марат Байқамұров, Бейбіт Мадеев, Бақжан Байтас
100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Жамбыл Тұрғыналиев
Әйелдер:
48 келі: Диана Буркеева
52 келі: Құндыз Жылқыбай, Айшабибі Мұрадимова
57 келі: Дина Муханбет, Дана Әбдірова
63 келі: Асылжан Орынбасарова
70 келі: Аруна Жангелдина, Кристина Сотникова, Диана Телбаева, Анастасия Морозова
78 келі: НазеркеТілеуханова, Замзагүл Файзолланова
78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Толқын Тұрсынақынова
Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін бұл жарысқа 48елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.
Айта кетелік 17 жастағы Әмір Омарханов әлемдік рейтингіде бірден 32 сатыға жоғарылады.