Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Фото: Фото: Дзюдо федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада 10-12 мамыр күндері өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды.

Олимпиадалық рейтингте ұпай беретін бұл жарыста Қазақстан намысын ұлттық құрама көшбасшыларымен бірге жас спортшылар да қорғайды.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі елорда татамиінде бақ сынайтын қазақстандық дзюдошылардың тізімін ұсынды:

Ерлер

-60 кг: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Суюкенов

-66 кг: Есет Қуанов, Ғұсман Кырғызбаев, Нұрсұлтан Зайзағалиев, Жанарыс Рахметқали

-73 кг: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Жансай Смағұлов, Бақытжан Әбдірахманов

-81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Руслан Мұсаев, Мәди Амангелді

-90 кг: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков, Құдырет Досымов, Мавлидов Мұхаммедали

-100 кг: Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев, Бекзат Шағатаев

+100 кг: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Ғалымжан Қырықбай

Әйелдер:

-48 кг: Ғалия Тынбаева, Диана Буркеева, Алира Шегелекова, Жібек Жақсыбай

-52 кг: Толғанай Абеуова, Балнұр Әбдешова, Аружан Ережепова, Алима Жұмағалиева

-57 кг: Бақыт Құсақбаева, Ұлдана Үсейн, Дина Мұханбет, Дана Әбдірова

-63 кг: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева, Кристина Сотникова, Зарина Сарипова

-70 кг: Екатерина Токарева, Анастасия Маякова, Анастасия Морозова

-78 кг: Лаура Жәнібекова, Анастасия Нагачевская

+78 кг: Аида Тойшыбекова, Ақерке Рамазанова, Карина Такиева, Назгүл Маратова

Естеріңізге сала кетсек, тек жарысты қабылдаушы ел ғана әр салмақ дәрежесінде максималды төрт спортшыдан шығаруға құқылы.

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін бұл жарысқа 86 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Жарысқа кіру тегін.

«Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирінде дзюдошылар 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ұпай жинайды.