Дзюдодан Ригада өткен Еуропа кубогінде Қазақстан көш бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Латвия астанасы Рига қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 18-19 наурызда өткен жарыс қорытындысында ел құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде көш бастады.
Финляндия құрамасы екінші, Украина дзюдошылары үшінші орыннан көрінді.
Қазақстандықтардан Бақытжан Абдурахманов (73 кг), Айбол Нысанәлі (81 кг) және Ерасыл Қажыбаев ( 100 кг) өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанса, Нұрзат Сәлімбаев (66 кг) пен Еламан Ерғалиев ( 100 кг) күміс, Еламан Сұлтанбай (66 кг) мен Руслан Мұсаев (81 кг) қола жүлдеге ие болды.
Айтулы додаға 24 елден 200-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Еуропа кубогінде 6 медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).