Әбиба Әбужақынова «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына өтті
17:56, 29 Наурыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Дзюдодан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінде Әбиба Әбужақынова жартылай финалға өтті.
Халықаралық турнирде 48 келіде сынға түсіп жатқан спортшы ширек финалда АҚШ-тан келген Мария Целиа Лабордпен негізгі уақытта тең түсті. Қосымша golden score кезеңінде қарсыласын қапы қалдырды.
Енді финал жолдамасы үшін Абиба 3 дүркін әлем чемпионы жапониялық Нацуми Цонодамен белдеседі.
Айта кетсе, 29-31 наурызда Түркияның Анталья қаласында дзюдодан өтетін Grand Slam турнирі өтеді. Онда еліміздің атынан ерлер және әйелдер құрамасы бақ сынайды.