Дзюдодан үш отандасымыз Азиаданың қола жүлдесі үшін белдеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында дзюдодан іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Владислав Семенов

Әйелдер арасында 78 келідегі Екатерина Токарева жұбаныш белдесуінде Шу-хуей Хсу Вангты (Тайпей) иппонмен жеңді.

Фото: Владислав Семенов

78 келідегі Аида Тойшыбекова да Тайпей өкілі Линг-фанг Чангты иппонға түсірді.

Фото: Владислав Семенов

100 келідегі Марат Байкамуров ширек финалда Ерназар Сарсенбаевөа жол берді. Ал жұбаныш белдесуінде Бахрейн дзюдошысының шеттетілуіне байланысты отандасымыз 3-орынға таласуға мүмкіндік алды.

Финалдық кезең Астана уақытымен 13:00-ге жоспарланған.

Бұған дейін Эльмира Сыздықова күрестен Азиаданың финалына шыққанын жазғанбыз.