Атап айтсақ, ерлер арасында 60 келі салмақта сынға түсіп жатқан Шерзод Давлатов жартылай финалға өтті. Ол турнир барысында Израиль, Венгрия және Украина спортшыларынан басым түсті. Енді Давлатовтың жартылай финалдағы қарсыласы — франциялық Энцо Джин болмақ.
Ерлер арасында 66 келі салмақта белдесетін Жанарыс Рахметқали да жартылай финалда сынға түседі. Ол алғашқы белдесулерінде Хорватия мен Сальвадор балуандарын жеңді. Оның ендігі қарсыласы — грузиялық Тенго Зиракашвили.
Сонымен қатар әйелдер арасында 48 келіде ел намысын қорғап жатқан Ғалия Тынбаева да жартылай финалға өтті. Қазақстандық спортшы жартылай финалда венгриялық Рита-Ребекка Кощегимен белдеседі.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейн қазақстандық дзюдошылардың қарсыластары анықталғанын жазған едік.