Онда Айбек Имашев (60 кг) пен Артем Ким (55 кг) күміс, ал Серіктас Закетаев (55 кг) қола жүлдегер атанды. Айбек те, Артем да ақтық финалда ресейліктермен белдесіп, Арам Григорян мен Алексей Кондрашкиннен басым түсті. Ерлер мен әйелдер арасындағы бұл дүбірлі додада ресейліктер 1 алтын, 5 күміс, 9 қола олжалады.
Дзюдошы жастар үшін бұл жазғы маусымдағы алғашқы жарыс болып отыр. Алдағы уақытта енді Венгрияның Пакс, Польшаның Цетнова, Чехияның Прага, Германияның Берлин қалаларында Құрлық кубогы турнирлері өтеді. Онда өз дайындығын пысықтаған балуандар күзде ОАР-да өтетін Әлем чемпионатында бақ сынайтын болады.