Осыған дейін хабарлағанымыздай, жаттықтырушыларға арналған семинар Халықаралық Олимпиада комитетінің талаптарына сәйкес Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитеті мен Қазақстан Дзюдо Федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды. Бір аптаға созылған семинарды Австриядан келген IJF өкілі Дани Джордж ағылшын тілінде өткізді.
Семинардың басты мақсаты- дзюдоны насихаттау және бұл спорт түрін елімізде дамыту, бапкерлердің жалпы ұстанымдарына, біліктіліктерін арттыруға және коучинг тәжірибесін нығайту. Семинарға Қазақстанның барлық спорт мектептері (балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері, спорт шеберлерінің орта мектептері, ұлттық командаларды бекітетін кеңес), соның ішінде жаңа жүйеге қызығушылық танытқан барлық жаттықтырушылар қатысты. Жаттықтырушылар үшін маңызы ерекше семинарға барлығы 60-тан астам маман қатысып, теорияны практикамен ұштастырды. Курс нәтижесі бойынша қатысушылар Олимпиадалық ынтымақтастық сертификаттарымен марапатталады.
09:56, 21 Желтоқсан 2016
Дзюдодан жаттықтырушыларға арналған техникалық семинар өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Дзюдо академиясында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған жаттықтырушыларға арналған техникалық семинар аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.