Екі күн бойы әлем көз тіккен айтулы дода барысында қазақстандық дзюдошылар да олжалы болды. Ел спортшылары қоржынға бір алтын, бір қола жүлдені салған болатын. Атап айтқанда, Максим Раков алтын, ал қоланы 2009 жылғы Азия чемпионы Гүлжан Иссанова иеленді.
Максим финалға дейін Баттулга Темулен (Моңғолия), грузин Леван Жоржалиани, жапон Анаи Такамаси сынды спортшылардан айласын асырған болатын. Ал шешуші кезеңде голландиялық Генк Кролдан басым түсті.