Азат 81 келіге дейінгі салмақта жетістікке жетті. Қола жүлде үшін күресте ол тәжікстандық балуан Сунатулло Мусоевты қапы қалдырды.
Айта кетелік, бұған дейін әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар да үшінші орын алған еді.
Сондай-ақ Оңтүстік Кореядағы әлем чемпионатында таеквондошы Теміржан Тасқынның қола медаль алғанын жазған болатынбыз. Сонымен қатар Сеулдегі әлем кубогында Сеулдегі турнирде құзға өрмелеуден күміс медаль иеленді.